Қазақстанда 160 мыңға жуық адам обыр дертіне шалдыққан

Қазақстанда 160 мыңға жуық адам обыр дертіне шалдыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі нәзік жандылар скринингтік тексеруден өтуде белсенділік танытпайды. Денсаулық сақтау министрлігі осындай тұжырымға келіпті. Былтырдың өзінде Астанадағы онкологиялық орталықта тексеруден өткен 22 мың әйелдің 1200-і қатерлі ісікке шалдыққан.

Анна Волчкова әр екі жыл сайын дәрігерлерге денсаулығын толық бақылатады. «Бірінші байлықтың» қадірін ол жүрек талмасы ұстап, өлім аузынан аман қалғанда түсінген. Артынан айыққаннан кейін Анна скринингтік тексерістен өткен. Сонда да  көзін емдеу қажет екені анықталған. «Дәрігерлер жанарымды дер кезінде сақтап қалды» деп қуанады. Содан бері скринингтік тексеріс әдетке айналып, мезгілі келгенде  жақындарын да бақылаудан өтуге үгіттейді.

«Адамдар скринингтік тексерістен өтуге ерінеді. Бірақ денсаулықты мезгілінде бағалаған жөн. Кезек көп деп те айта алмаймын. Бүгін мен қан тапсырдым, жүрек қызметі мен қан-тамырлар жолын байқаттым. Осының барлығына небәрі 40 минуттай кетті. Ертең кеш болмауы үшін уақытында келіп тұрған жөн ғой», - деді Анна ВОЛЧКОВА.

«Бұл тексеруде артериялдық гипертония, жүректің ишимиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, колоректалдық обырдың алдын алу және жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында және сүт безі обырының алдын алу мақсатында скринигтік қарап, тексеру түрлері жатады. Көбінесе бұл скринингтік тексеру негізі тегін»,- деді Астана қаласының №8 ауруханасының скрининг бөлімінің порфилактика дәрігері Гүлназ ҚАБИДЕНОВА.

Былтыр Астанада 22 мың 834 әйел ағзасынан сынама алынып, нәтижесінде 1200-нен қатерлі ісіктің алғашқы белгілері анықталған. Орталықта әйелдер арасында жиі кездесетін сүт безі мен тері, өкпе және тік ішек обыры тек осы арнайы тексерістің арқасында ғана анықталады. Сондықтан онкологиялық орталықтың дәрігерлері халықты уақытылы скринингтен өтуге шақырады.

«Әйелдерді онкологиялық орталықтарға жолдаған кезде олар қорқып кетеді. «Менен бір онкологиялық процесстер анықталыдыма?» деп. Бәрінде олай болмайды. Біз тек ісік алдындағы процесстерді анықтап, оны емдеп, дер кезінде  сауықтырып жібереміз. Ал әйелдер келмесе, ол процесстердің үрдісі әрі қарай дами береді де, әрине ол қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. 3-4 сатысына алып келуі мүмкін егерде қорықса», - деді Астана қаласының онкологиялық орталығының орталықтандырылған цитологиялық лабораторияның меңгеруші Нұржамал ТОҚПАНОВА.

2017 жылы елімізде жаңадан 36 мың адамның онкологиялық дертке шалдығу фактісі тіркелген. Олардың 610-ы балалар. Бүгінгі күні Қазақстанда обыр дертінің сан түрімен ауыратындардың жалпы саны 160 мың адамға жуықтайды. Бірақ қатерлі дерттен көз жұму көрсеткіші 1 жарым есеге азайған.


Новости партнеров