Қазақстанда әрбір 8-ші әйел үйде зорлық-зомбылық көреді

13.04.2018 14:26

Қазақстанда әрбір 8-ші әйел үйде зорлық-зомбылық көреді. Көңіл көншітпейтін мәлімет нәзік жандылар құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселесі төңірегіндегі «Әйелді аяла» атты конференцияда айтылды. Сондай-ақ басқосуда Қазақстандағы ерлердің жұбайына қол жұмсау фактісін азайту, отбасылық институтты қалыптастыру мен балалардың тәрбиесі жөнінде де ұсыныстар мен пікірлер айтылды.   

«Біздің Қазақстанда әр 8-ші әйел зорлыққа ұшырайды екен. Ол психологиялық, сексуалдық, үйдегі көрінген зорлық болып табылады. Қазақстан ТМД мемлекеттер арасында өз-өзіне қол жұмсау әйелдер арасында 1-ші орында. Жас әйелдер болсын, жас қыздар болсын ТМД елдер арасында сұмдық қой», - деді «Әйелді аяла» әйелдер құқығын қорғау және гендерлік теңдік конференциясының ұйымдастырушысы Ақмаржан КӨШЕРБАЕВА.