Қазақстанда қатерлі ісік ауруы көбейіп келеді

Қазақстанда қатерлі ісік ауруы көбейіп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда соңғы 10 жылда қатерлі ісік ауруларына шалдығу фактісі 9 жарым пайызға артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ел азаматтары арасында ракка шалдығатындар көбейгенмен, өлім көрсеткіші 28,5 пайызға азайған. Сондай-ақ ведомство басшысы онкологиялық ауруларға қарсы 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар жайына да тоқталды.

«Кешенді жоспардың мақсаты қатерлік ісіктердің ауыртпалығын төмендету болып табылады. Аталған жоспардың негізгі мақсаттары: профилактиканы дамыту және қауіп факторларын басқару, онкологиялық аурулардың жоғары тиімді ерте диагностикасы, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу, онкологиялық көмекті цифрландыруды, кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Кешенді жоспарды іске асыру үшін қазірдің өзінде 35 миллиард теңге бөлінген. Мұның ішінде Астанада Ұлттық онкологиялық орталықты құруға жұмсалатын қаржы да бар. Сонымен қатар ақша қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға, обырға қарсы емдік бақылауды күшейту мен азаматтардың диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталмақ.


Новости партнеров