Қазақстандағы сайлау туралы заңға түзетулер енгізілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
конституциялық заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген.
"Құжат сайлау заңнамасын жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқылы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын әзірлеудің мақсаты – іргелі сайлау қағидаттарын сақтауды одан әрі қамтамасыз ету. Конституциялық заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар барынша ашық әрі демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын", — деді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар, Мәжіліске "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы енгізілді.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
18.09.2026 09:10
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.09.2026 13:40