Қазақстандағы шетелдік компаниялар валюталық операцияларды теңгемен жүргізетін болады

Қазақстандағы шетелдік компаниялар валюталық операцияларды теңгемен жүргізетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы шетелдік компаниялар валюталық операцияларды теңгемен жүргізетін болады. Бұл ұсынысты Ұлттық банк өкілдері Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» және оған iлеспе заң жобаларының таныстырылымы кезінде айтты. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың мәлімдеуінше, өзге елдің компаниялары Қазақстанда қалаған валютамен іс жүргізуге ерікті екен. Депутаттар бұл ұсынысты қабылдаса, біздегі басқа елдің резиденттері жұмысын тек теңгемен жасауға мәжбүр болады.

«Біз әркез долларсыздандыру мен ұлттық валютамыздың қолдануының аясын кеңейту жайын айтып келеміз. Сол үшін біз осы ұсынысты таныстырып отырмыз. Енді жаңа заң жобасын депуттатар қолдаса, біздегі шетелдік компаниялардың филлиалдары ұлттық валютамен жұмыс істеуге мәжбүр болады», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары  Олег СМОЛЯКОВ.

Сондай-ақ қаржыға бас-көз ведомство Қазақстан шекарасынан әрі асатын ақша жайын да мықтап қолға алмақ. Олег Смоляковтың айтуынша, заңды тұлғаларға пайызсыз жіберілетін ақша мен өзге елде екі жылдан артық тіркелген қомақты сомалар да тексеріледі. Сонымен қатар, тауарлардың экспорттық-импорттық операцияларынан түскен  төлемдер де қадағаланбақ.


Новости партнеров