Қазақстан мектептерінде 1 мыңнан астам IT-сыныптар ашылады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Төраға орынбасары алдағы уақытта оқушылар бағдарламалау негіздері мен робот техникасы пәндерін тереңірек оқитынын жеткізді. Бұл бастама Елбасының «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында қолға алынбақ.
«Алдағы 3 жылда «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» ҰКП және бизнес құрылымдарымен бірлесіп елімізде 1 мыңнан астам тегін IT-сынып ашуды жоспарлап отыр. Онда оқушылар бағдарламалау негіздерін және робот техникасы пәндерін тереңдетіп оқиды. Жыл сайын осы сыныптарда 150 мыңнан астам оқушы білім алады деп жоспарлап отырмыз. Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асады», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВ.