|
20.08.2018 | 12:19
1663

Қазақстанға Оңтүстік Корея мен Қырғызстаннан ақша көп аударылатын болған

Қазақстанға Оңтүстік Корея мен Қырғызстаннан ақша көп аударылатын болған

Жарты жылда Қазақстанға ақшалай аударымдар жүйесі арқылы 150 миллиард теңгеге жуық ақша аударылған. Оңтүстік Кореядан аударылған ақшаның көлемі 2,3 есеге, ал Қырғызстаннан аударылған ақша 77 пайызға көбейген, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанға шетелдіктерден келген ақшалай аударымдар 147,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,5 пайызға көп екен.

«Ақшалар көбінесе, Ресейден аударылған – 71,2 миллиард теңге. Екінші орында Корея Республикасы тұр, Кореядан 22,9 миллиард теңге аударылған. Оңтүстік Кореяның үлесі 7,4 пайыздан 15,5 пайызға көбейген. Ал үшінші орында Қырғызстан тұр. Қырғызстаннан 13,3 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 77,4 пайызға өскен», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.


Сурет / © Тұрар Қазанғапов


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир