Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі тағайындалды

02.04.2018 21:49

ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.     

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Өміртай Мақашұлы Бітімов Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.