Қазақстанның үш облысында үсік жүреді

13.09.2018 22:01

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы екі тәулікте күн ашық болады.

Дегенмен,14 қыркүйек күні түнде Алматы облысының солтүстігінде 20С үсік жүреді.

14 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3°С үсік болуы ықтимал.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кейбір аймақтарында жылдамдығына 15-20 м/с болатын жел соғып, найзағай ойнайды.