Қазақтар 3 ғасыр қудаланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызыл империя мен патшалық Ресей қазақтарды тек 1920-1938 жылдар аралығында ғана атып, аштыққа ұшыратты деу қате пікір. Басқыншы ел қазақ даласының халқын үш ғасыр бойы жаншып, қуғындауға ұшыратып келді. Салдарынан саны селдіреген ел әлі күнге дейін өсіп, көбейе алмай жатыр.  «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осылай - деп мәлімдеді. Ал 20 ғасырдың басындағы нәубет тек адам саны ғана емес, экономикамызға да орасан зор кесірін тигізген. Мал басының өзі 30 миллионнан он есеге бірақ азайған. Жиында көтерілген тағы бір мәселе ол ашаршылық жылдарының саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнінің көлеңкесінде қалып қоюы. Ғалымдардың пікірінше, трагедиялық даталарды жеке-жеке атап өту керек. Сонымен қатар, грант бөлініп, әр аймақтағы ашаршылық кезеңдерін экспедиция арқылы зерттейтін мезгілде жеткен.  

«Ұлтымыздың қасіреті. Бұндай қасіретті, ақтаңдар тұстарды барынша жастардың санасына насихаттау керек. Ол ашаршылық бөлек, қуғын сүргін құрбандарының шаралары бөлек болу керек.   Ұлт ретіндегі құқықтарымызды әрдайым қозғап отыруымыз керек. Көзқарас, ұлттық таным, ұлттық мінез, ұлттың өз-өзіне деген сенімі әрдайым ұлтты алдыға қарай жетелеп, дамытады»,-деді "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің төрағасы Арман ӘУБӘКІР  


Новости партнеров