"Қазгидромет" өкілдері ауа райы болжамын айтты

09.01.2018 23:09

Елімізде алдағы күндері боран соғып, көктайғақ болады. Ал, Алматыда қар жауып, қою тұман түседі.  Таулы аймақтардың түнгі ауа температурасы да төмендемек. Күн райына байланысты қала халқының жоспарын дұрыс құру үшін біз дәл қазір «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосовамен тікелей байланысқа шықпақпыз. Кеш жарық Айжан! Алматыда бүгінге дейін сақталып келген аяздың беті қайтқан көрінеді. Бірақ, бұл ұзаққа бармайды деп жатырсыздар? Дегенмен, күннің кенеттен қайта жылынуына қандай құбылыс әсер етіп отыр?

-Алдағы аптада Қазақстан территориясына төменгі қысым аумағынан циклон келуіне байланысты Алматы қаласында аяз сәл бәсеңдеп, ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Түнгі температура 5-10, күндіз 0-5 суық болады. 10-ыншы, 11-інші қаңтарда кей кездері қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасытүнде 0-5 аяз болса, күндіз 2-3 градусқа дейін жылынады.

Ал, таулы аймақтарда ауа температурасы қандай болады? 

-Таулы аудандарда да ауа температурасының жоғарылауы байқалады. 8-нен 9-шы қаңтарға дейін жауын-шашынсыз болады. Түнгі температура 5-10 градус аяз болса, күндіз 0-5 градус болады. Ал 10-шы 11-ші қаңтар күндері кей уақытта қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз болса, күндіз 0 градус шамасында болмақ.¤

Жақсы, ақпаратыңызға рахмет! Бізбен байланыста болған «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосова.