ҚазҰАУ-де 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталады

ҚазҰАУ-де 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыдағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде 450 орынға шақталған 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталады. Онда әр бөлмеге тек 3 адамнан орналастыру көзделген. Жатын орында медициналық пункт, жаттығу мен акт залы және сабақ оқитын бөлмелер болады. Әзірге тек құжаты дайын жатақхананың сызбасымен бір топ мәжіліс депутаттары танысып қайтты. Айта кетейік, бұл оқу орнында 10 мың студент білім алады. Одан кейін халық қалаулылары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттік жатақханаларына бас сұқты. Университет басшылығы болашақта онда қалашық құрып, 6 жарым мың орынға арналған жатын орын салуды жоспарлап отыр. Өйткені, оқу ордасында оқитындардың жатын орынмен  тек 33 пайызы қамтылған. 5 жатақханада 2 мыңнан аса студент тұрады.

«21500 орын жетіспейтін ол Алматы қаласында. Ол түсінікті. Алматы қаласы - жастар қаласы, студенттер қаласы деп есептеледі. Жетіспейтін жатақхана орнының үштен бір бөлігі ол Алматы қаласына келіп отыр. 2 университеттің де техникалық құжаттамалары дайын. Екеуінің де. Біреуінде 200 орындық, біреуінде 450 орындыққа дайын болып отыр. Енді тек қана қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі банктермен келісу керек», - деді   ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары  Гүлмира ИСИМБАЕВА.

Жоғары оқу орындары қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Нархоз университеті биыл 6 жарым мың талапкерге керемет мүмкіндік сыйлап отыр. Оқу орны 105 грант бөліпті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шара жыл өткен сайын ауқымын кеңейтпек. Университет әкімшілігінің сөзінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талаптарына сай келетін іс-шаралар бірнеше жыл бұрын басталып кетіпті. Қазір студенттер «Мен-көшбасшымын», «Біз-командамыз» тұжырымы бойынша білім алуда.

«Рухани жаңғыру - ұлттық идеологияның негізгі платформасы деп ойлаймын. Жаңа идеологияның, жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі керемет бағыт деп ойлаймын. Ал енді осы істі қолдан келгенше бюрократиялық, жай формлизмға түсірмей, дұрыс деңгейде түсініп, іске асыру керек. Сондықтан бүгінде Нархоз университетіндегі кез келген өзгерістерді алатын болсаңыздар, осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тікелей көзделген», - деді Нархоз университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Эльмира ЫДРЫСОВА.


Новости партнеров