Хорватияның бірнеше қаласын су басты

Хорватияның бірнеше қаласын су басты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Хорватияның бірнеше қаласын қызыл су басты. Төтеншеліктер тұрғындарды техниканың күшімен құтқаруда. Ал Нигерияда аштықпен күресу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Хорватияның бірнеше қаласы су тасқынынан зардап шегуде. Әсіресе топан су Ясеновац қаласының маңын басқан. Онда Сава өзенінің деңгейі 921 см-ге жеткен. Бұл алдыңғы рекордтық көрсеткіштен 14 см-ге көп. Осыған орай республикада төтенше жағдай жарияланды. Қазір жүздеген әскерилер бөгеттер салып, тұрғындарға көмектесіп жатыр. Сондай-ақ техника күші де жұмылдырылған.    

«Бөгеттер ұзаққа шыдамайтыны белгелі. Бірақ біз мұны қадағалап тұрамыз. Бүгін таңертен мамандарды шақырып, бөгеттің екі жерін жамадық», - деді құтқарушы Иво ЗИНИЧ.

Топан судан зардап шеккен аймаққа Хорватияның премьер-министрі мен қорғаныс министрі арнайы келді. Ақ жағалылардың айтуынша, әскерилер аққан суды Ясеновац қаласының маңындағы табиғи саябаққа бұрып жатыр. Премьер-министрдің сөзінше, ақпан айының соңы мен наурыздың басында жауған қар Сава өзенінің арнасынан асуына себеп болған. Қазір тиісті шаралар қолданылып жатыр.

«Саябақ көп мөлшердегі суды өзінің бойына сіңіруге қауқары бар. Сондықтан біз суды сонда жіберіп жатырмыз. Еліміздің басқа қалаларында да төтенше жағдай жарияланды. Ол жақта да тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді Хорватияның премьер-министрі Андрей ПЛЕНКОВИЧ.

Нигерия

Ал Нигерияда әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың жағдайы жақсарып келеді. Оған «Дүниежүзілік азық-түлік» бағдарламасы септігін тигізуде. Аталған жоба аясында Нигерияның үш штатындағы отбасыларға көмек көрсетілген.

«Осыдан бір ай бұрын менің түрімді көрсеңіздер, танымайтын едіңіздер. Ал қазір балаларымның да, өзімнің де жағдайым жақсы», - деді  Фатмата АХМАД.

Сондай-ақ гуманитарлық ұйым қызметкерлері Нигерия халқына жер төле алып беруге көмектесуде. «Дүниежүзілік азық-түлік» ұйымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасына қол беруді мұнымен тоқтатар емес. Мамандардың сөзінше, жыл соңына дейін халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге 95 миллион теңге керек екен. Сонымен қатар, тамақтарды шет аудандарға уақытында жеткізу үшін жаздың ортасында, жауын маусымы басталмай тұрып алып қою керек, дейді.

«Аштықтың алдын алуда біз ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Ары қарай жалғастыра береміз», - деді  «Дүниежүзілік азық-түлік» ұйымының қызметкері Ариф ХУСАЙН.

Кения

Әлемдегі соңғы ақ еркек мүйізтұмсық кеше қайтыс болды. Бұл туралы кенияның «Двур-Кралове» зообағының қызметкері өз твиттер парақшасында мәлімдеді. Кәрі жануар бұлшық еттер мен сүйектердің деградациялық өзгеруінен зардап шеккен екен. Соңғы күндері тіпті аяғына тұра алмай қалған. Сондай-ақ жануардың терісінде де жарасы болыпты. Судан қайтыс болғаннан кейін тағы екі ұрғашы мүйізтұмсық қалыпты. Ғалымдар Суданнан алынған жасушалардың көмегімен тұқымын көбейтуді жоспарлап отыр. Еске салайық, ақ мүйізтұмсықтар мүйіздері қымбат. Сондықтан браконьерлер оларды заңсыз атып алып жүрген. Қазір аталған жануарлар жоқтың қасы.


Новости партнеров