ҚМДБ имамы ораза ұстағандарға менингитке байланысты үндеу жолдады

06.06.2018 в 02:49

Қасиетті Рамазан айында аузы берік мұсылман дәрі-дәрмек қолдануына не болмаса оразасын тоқтатуына бола ма? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және фәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлымен тікелей байланысқа шықпақпыз. Сансызбай Құрбанұлы, ассалаумағалейкум. Айтыңызшы, ораза кезінде ауырып қалған мұсылманға не істемек керек? Оразаны бұзуға бола ма?

«Бісміллаһір-Рахманір-Рахім. Әлхамду-ліллаһі Раббілғаламин. Уәссәләт уәссәләәм...Ассалаумағалейкум құрметті қадірменді көрермендер!

Аллаһ тағала пендеге шамасы келмеген нәрсені  міндеттемейді. Міне рамазан кезінде адам ауырса, науқастанса, егер оның науқасы жеңіл болса, әлбетте ауыз ашқаннан кейін дәрі ішуге болады. Аузы берік кезінде укол алуға, система алуға болады. Бірақ ол системасы глюкоза, тамақ ретінде болмауы керек. Енді, науқас адам қатты ауырса, оның өміріне қауіп болса  ол оразасын тоқтатып, дәрі ішіп, дәрігерлерден кеңесін алып емделуі тиіс болады»,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және фәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ.

Қатты жұқпалы ауру тарап жатқанын білесіз. Мешітке баруға болмайтын шығар?

«Ораза кезінде міне, адам ауырған болса, оны жұқтырмау үшін әлбетте мешітке бармау керек. Үйде болу керек. Тараух намаздарына қатыспау керек. Және де жаңағы мына  ауызашарларға қатыспау керек.  Жеке емделу керек. Өйткені шариғатымызда бұл жаңағы адам жұқпалы болған кезде, бұл көпшілікке неғылмау керек. Араласпау керек. Бұны да біздің мешіттерімізде имамдарымыз күніге айтып жатыр. Кімде осындай белгі болса, ол адам үйінде болу керек. Немесе де үйінде болу керек. Болмаса емхана да болу керек. Мейілінше, ол адамдардан көпшіліктерден ұзақта болу керек»,-деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және фәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ.

Уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рақмет, Сансызбай Құрбанұлы.