Лаңкестік әрекет жасағандар ел азаматтығынан айырылады

Лаңкестік әрекет жасағандар ел азаматтығынан айырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Лаңкестік әрекет жасағандар ел азаматтығынан айырылады. Әрі ұлттың және ел мүддесіне қайшы келетін қылмысы үшін азамат елден қудаланады. Бірақ, мұндай қадам тек толыққанды тексеру жүргізіліп, адамның кінәсі толық анықталғаннан кейін ғана жүзеге аспақ. Сенаттың пленарлық отырысында шенділер «ҚР Конституциясына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу»  оның ішінде Президент өкілеттігінің біршама тармақтарын  Үкіметке бөліп беру  туралы заңды қабылдады. Осы орайда, республикалық бюджет комиссиясын құру, бюджеттің тиісті игерілуі жайында  жылдық есеп беру жоспарын айқындау Үкімет құзырында болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта сот жүйесіндегі өзгеріске сәйкес судьяларға қызметтік куәлік тапсыру  Жоғарғы сот кеңесіне жүктелді. 

«Терроризм актісі үшін,террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысқаны үшін және т.б. Ұлттық қауіпсіздік заңына сәйкес ұлттық мүдделеріне конституциялық құрылыстың тұтастығына жатады»,- деді Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Марат БЕКЕТАЕВ.

Құзырлы органдардың да жауапкершілігі арта түседі. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті алдағы уақытта, әскери қызметкерлерді, жемқорлықпен күресуге бағытталған арнайы мекеме қызметкерлерін де толықтай бақылауына алмақ. Бұл өз тарапынан аталмыш мекемелердегі парақорлық деңгейді төмендетуге септесуі ықтимал.  

«Барлық қауіп қатер ескерілген. Бұл жерде біз барлық жемқорлық әрекеттерді қосып отырған жоқпыз. Демек, арнайы құзырлы орындардағы қызметкерлердің жеке жасаған парақорлық әрекетін әшкерелейміз. Мұндай жұмысшыларды сол органның қызметкерлері емес, өзге орындар тексерген жөн»,- деді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, Марат АХМЕТЖАНОВ.


Новости партнеров