"Көкжиек" ықшам ауданының тұрғындары Пәтер иелері кооперативіне наразы

"Көкжиек" ықшам ауданының тұрғындары Пәтер иелері кооперативіне наразы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкжиектіктер қапалы. Өйткені, мемлекеттік бағдарламамен әрең дегенде қол жеткізген үйлерінің сәні кете бастаған. Пәтер иелері кооперативі тұрғын үйді жаңа қалпында сақтау үшін ай сайын ақша жинап алып, өз міндеттерін орындамай отыр. 8 жылдың ішінде жиналған 50 миллион теңге қайда кеткен?


¤Көкжиек ықшам ауданыны тұрғындарының төзімі таусылды. 8 жылдан бері пәтер иелері кооперативіне үздіксіз ай сайын ақша жинап бергенімен, күні бүгінге дейін аула жөнді сыпырылмақ түгілі, күйіп кеткен шам да ауыстырылмаған. Қабырғалары шытынап, құбырларына да бірде-бір маман  көз қырын салып та қарамаған. Әйтсе де, осы уақытқа дейін тұрғын үйдің жыртық-жамауына бір бөлмелі пәтерден 1400, екі бөлмеліден 2200, ал үш бөлмелі үй барлардан 3 мың теңгеден астам қаражат жинап келген.  Бас-аяғы 50 миллион теңге талан-таражға салынып, жауаптылардың сөздерінен тайқығандары   тұрғындардың тағатын тауысты. Онысымен қоса, есепті де жалған жасап құтылмақ болмған. 


«Бұрынғы есепті көшіре салған. Сондықтан лифттің ақшасы өтіп кеткен. Сонша ақылды болып, бізге жасалмаған ремонтты жазып қойған. Газон және талдарға көп ақша кетіп қалыпты. Біздің жамбайтын шамға, мәселен, бір үйге 118 мың теңге кетіп қалыпты», - деді  қала тұрғыны Ерлан ҚОЛДАБЕК. 

 

¤Биыл наурыз айында біздің арна барып, бұл мәселені көтергеннен кейін, былықтың реттелетіндігене ПИК жетекешілері уәде берген еді. Алайда, баяғы жартас сол жартас. Содан кейін «Алматы тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз міндетін сервистік компанияға 50 миллион теңгенің 80 пайызын беріп,  құтылғанды-мыс.  Әйтсе де, бұл мекеме де тірілікті тыңғылықты тындыра алмай отыр.


«Енді ол сұрақты менен жоғары мамандардан сұрасаңыз болады. Біз қазір 4 сәуірден бері «Отау көмек» сервистік мекеме жұмыс істеп жатыр. Алдынғы кемшіліктерді біз өз мойнымызға ала алмаймыз», - деді «Отау көмек» сервистік мекемесінің қызметкері Толыбай ШЕРІБАЙ.

 

¤Енді Пәтер иелері кооперативінің басы даудан арылмайтындығы анық болды. Өйткені, олардың жер төледе орналасқан кеңселері кәдімгедей кісі қоныстайтын пәтер болып кеткен. Айтуларынша, аула сыпырушының баспанасы болмағандықтан, сол жерде тұрақтауына рұқсат беріпті. Ал одан бөлек штатқа қабылданған 5 сантехник маманның орынына бір ғана адам жұмыс істейтін болып шыққан. Бұл былық бітпесе, қапалы қалалықтар соттасуға дейін тайынбаймыз деп отыр.

 

Әйкерім Ердәулетқызы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров