Биыл Алматыда жол апатынан қаза тапқандар саны артып кеткен

22.08.2018 19:28

Алматы қаласы Ішкі істер департаментіндегілер жол-көлік оқиғасынан өлім көрсеткіші артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2018 жылы 7 айдың ішінде апаттан 73 адам қаза тапқан.

«2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өлім саны 17-ге көбейген. Былтыр 56 адам қаза тапқан. Апат 100 пайыз жағдайда жылдамдықты асырғаннан, ал кейде маневр жасау кезінде болған», – дейді Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.