|
05.12.2016 | 10:36
2752

Көлік астына әдейі түсіп, ақша бопсалаған азамат ұсталды

Көлік астына әдейі түсіп, ақша бопсалаған азамат ұсталды

Көлік қағып кеткен кейіп танытып, жүргізушілерден алаяқтық жолмен ақша бопсалап жүрген екі күдіктінің бірі ұсталды. Ол 1980 жылы туған Өзбекстан азаматы. Ол бұған дейін де көлік жүргізушілеріне жала жапқан. Тіпті, алданған жүргізушілердің бірі бір мың АҚШ долларын беріп әрең құтылыпты. Ал, төртінші рет жылпостардың құйтырқы әрекеті іске аспады.  Оқиға өтіп бара жатқан көліктің бірінде орнатылған бейнетіркеуішке түсіп қалған.

«Қазіргі таңда екінші азаматтың аты-жөні белгілі. Оны ұстау бірер күннің шарасы. Сондықтан да барлық азаматтарға айтатынымыз, егер осындай қылмыскерлерден зардап шексеңіздер 254-47-00 нөміріне хабарласып, арыз-шағым түсірсеңіз болады», - деді Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат ӘЗІРБЕК.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир