Көмірдің неліктен тапшы болғанын облыс басшылары түсіндірді

Көмірдің неліктен тапшы болғанын облыс басшылары түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы көмір тапшылығына делдалдар кінәлі. Күннің суығында қара отын таппай, халықтың сенделу себебін облыс басшылары осылай түсіндірді. Сондай-ақ, аяз күшейген 20-24 қаңтар күндері  көмір өндірісі кідіріп қалған. Осының салдарынан Алматы облысына көмір тасымалдаушылардың кестесі бұзылған. Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжановтың айтуынша, аймақтағы «Ойқарағай» разрезінде 29 мың 640 тонна көмір жатыр. Жалпы, облыста көмір түсіретін 92 база бар. Тек соңғы үш күннің ішінде 16 мың тонна көмір тиеген 246 вагон жіберілген. Олардың 154-і облыстағы аудан тұрғындарын көмірмен қамтуы тиіс болса, 92 вагондағы көмір Талдықорған халқын қара суықтан қорғауы тиіс. Ал, көмір өндіруші компаниялардың басшылары  биыл  сұраныс күрт көбейді дейді.

«Бұның алдындағы алты жылдың ішінде  6 миллион тоннадан аспаған болатынбыз. Халыққа беретін көміріміз 300 мың тоннаға көбейді. Егер бұрынғы жылдары біз 2 миллион 300 мың тонна көмір берсек, биыл 2 миллион 600 мың тонна көмір бердік. Кәсіпорындарға 2017 жылы жіберген көміріміз 400 мың тоннаға көбейді»,-деді "Қаражыра" АҚ басқарушы директоры, Әсет СЫДЫҚОВ.

Новости партнеров