Алматыда ескі үйлердің бірінің төбесі құлап, бірнеше отбасының баспанасыз қалу қаупі бар

Алматыда ескі үйлердің бірінің төбесі құлап, бірнеше отбасының баспанасыз қалу қаупі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы ескі үйлердің бірінің төбесі құлап, тұрғындарды әбігерге салды. Екі қабатты тұрғын үйде  тұратындардың айтуынша, «Таугүл» ықшам ауданында апат коммуналдық апат салдарынан пәтерлердегі жылу құбырлары жарылыпты. Кішкентай балалары бар бірнеше отбасы қазір туысқандарын жағалап кеткен.

«Мұнда тұру өте қауіпті. Төбенің сылағы сағат сайын опырылып, түсіп жатыр. Қабырғаның түрі мынау, темір тор ғана ұстап тұр. Қайда түнейтінімізді білмей дал болдық. Қонақ бөлме құлап түсті. Ендігі кезек асханада», - деді Руслан БОЛТУШЕВ.

Күні кеше қабырғалары тегіс болған бұл жер, қазір қирандыға айналуға шақ тұр. Болтушевтардың айтуынша, дүйсенбі күні алдымен Таугүлде болған апаттан жылу құбырлары қатып қалыпты. Сейсенбіде пәтер жылынғанымен, бұл қуаныш та ұзаққа созылмаған. Сол күні түнде төбеден ыстық су аға бастайды.

«Түн ортасында үстімізге ыстық су төгілді. Төбеден төгілді. Омыраулы баламызды алып, сыртқа шықтық. Міне, мынау содан қалған көрініс. Мында теледидарым болған, оны бірден алып тастадық», - деді Лариса БОЛТУШЕВА.

Қыстың күні қырауда пәтер иелері үйлерін тастап, туыстарын жағалауға мәжбүр. Мұнда 8 отбасы күнелтсе, қазір оның тең жартысы кетіп қалған. Үйге жылу қайта берілгенімен, сыз тартып, тықырдың даусы естіледі екен. Айта кетейік, бұл екі қабатты үй 60-шы жылдары салынған.

«Қазір тексеріс аяқталып, қажетті шешімді шығардық. Алматы жылу электр желісінің күшімен барлығы жөнделеді. Келтірілген шығынды да осы мекеме өтеп береді», - деді  Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан РАХЫМБЕКОВ.

Қазір екі қабатты үйдегі жылу жүйесі қалыпқа келтірілуде. Шатырдағы ыстық суды коммуналдық қызмет өкілдері тазалап жатыр. Үйде электр қуаты жоқ, тоқ тұйықталуы мүмкін. Себебі қабырғалар дымқыл тартқан. Сондықтан, тұрғындар уақытша түнейтін баспана іздеуге мәжбүр болып отыр.  

Азамат Әуезхан, Канат Кигизбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров