Алматының коммуналдық қызмет өкілдері лас көшелерді тазалауда

29.03.2017 15:30

Қала билігі тұрғындарды қоныстандырып та, лас көшелерді тазалап та жатыр. Қазір 150 арнайы техника мен мыңдаған маман жолдарды құм-тастардан арылтуда. Коммуналдық қызмет өкілдері тазалау жұмыстарын айдың аяғына дейін аяқтауы керек. Өйткені сәуірде жолдарды жөндеу басталады.

Коммуналдық қызмет өкілдері тас жолға тас түйін дайын шыққан. Қазір тұп-тура 600 көлік шаһар көшелеріне су шашып, қаланы лайдан арылтып жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары: «Жолдарға күрделі жөндеу жасалмас бұрын, тазарту жұмыстарын аяқтаймыз, - деп сендірді.                                                                

«Тұз себетін, қар тазалайтын техникаларды, көліктерді көше жуатын техникаларға ауыстырдық. Егер бізде 24-де 30, 25-інде 40-қа жетті. Бүгінгі 78 көлік автокөлік жууға жұмылдырылды. Бұл сан әлі өседі. Әрі қарай қала ішінің тазалығын жол жуумен, шаңдардың бәрін кетіріп, сәуір айының басына дейінгі аралықта бітіреміз деп жоспарлап отырмыз», - деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Қалада қазірдің өзінде 6 мың жұмысшы және 150 жабдықталған машиналар жұмыс жасап жатыр. Көшелер мен арық жүйелерінің 80 пайызы тазартылып, 600  шаршы метрден астам қоқыс шығарылды. Қарқынды жұмыс сәуір айында басталмақ. Бірінші кезекте 37 көшені тақтайдан тегістеу көзделіп отыр. Олардың 14-і магистралді болса, қалғаны аудандық маңызы бар жолдар.

«Ағымдағы жылы біз жоғары жақтағы Жандосов көшесін Сайын көшесінен бастап, Таусамалы ауылына дейін толыққанды жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр. Бұл кезде Жандосов көшесі кеңейетін болады 4 жолақты болып. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары, арықтарды салу және бордюрларды қою қарастырылған», - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сағындық ТЕЛІБАЕВ.

Сонымен қатар, Алматыда биыл 3 бірдей жол айрықтың құрылысы басталады.  Маңызды магистральдар 2019 жылы қолданысқа беріледі. Жалпы, қала қазынасынан жолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін биыл 7 млрд теңге бөлінбек.

«300 миллиард теңгеден астам қаражатқа ұзақтығы 39 шақырымды құрайтын 20 жолайрығы салынды. Бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу үшін тағы екі жолайрығын құру қажет. Біріншісі, Рысқұлов пен Емцовада, екіншісі, Рысқұлов пен Құлжа күре жолында», - деді Алматы қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Жаңа магистарльдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады. Ал, жалпы қалалық сенбілік 15 сәуірге жоспарланған. Саябақтар мен гүл бақтары толығымен тазартылып, жол белгілері мен қоқыс жәшіктері боялады.

Сая Меңдеке, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы