Алматыда жаңадан төселген тас жол опырылып қалды

Алматыда жаңадан төселген тас жол опырылып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаңадан төселген тас жол опырылып қалды. Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында ескі құбыр жарылып, салдарынан көлік жүретін асфальттың тамтұғы қалмады. Абырой болғанда апаттан зардап шеккендер жоқ. Мамандар жарылған құбырды жөндеуге дереу кірісіп кетті. Оған 60 шақты маман мен 30 арнайы техника жұмылдырылды. Жол алдағы 2 күнде қалпына келеді мамандар. Шіріген құбыр да жедел ауыстырылады. 

«Құбырдың қай жері жарылғаны белгілі болды. Ақауы бар құбыр шеңбері ауыстырылатын болады. Ал тұрғындарға суық су бұрынғыша беріліп жатыр. Өйткені біз суды басқа құбыр тармақтары арқылы жібердік. Тас жол бір-екі күнде қалпына келеді», - деді Жылу энергокешен және тұрғын үй коммуналды шаруашылық мекемелерінің ресми өкілі Ян ГИРИН.


Новости партнеров