Алматыда туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде

Алматыда туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік қонақ Алматыға ат басын бұрады. Шаһарға бұдан да көп меймандарды тарту үшін оңтүстік астанада туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде. Іскерлік кеңесте қала басшысы Бауыржан Байбек туризмді дамыту туралы ұсыныстардың бірде-біреуі ескерусіз қалмауға тиіс екенін қадап айтты.  Оған қоса, туризмнің әлемдік ішкі жалпы өнімінің 10 пайызын құрайтынын, бұл трендтің одан әрі өсе беретінін алға тартты. Сол себепті де «Алматы -2020» бағдарламасында аталған сала  қала экономикасының әлеуетін арттыруда жаңа драйвер  болатынын тілге тиек етті.

«Қазірдің өзінде Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік қонақ Алматыда болады, дегенмен қаланың ІЖӨ-де туризмнің үлесі төмен, небәрі 1,5%-ды құрайды.  Туризмді дамытуға қатысты 10 бәсекеге қабілетті және басқа елдерде жүргізілген сараптама барысында Алматыда туризмді өрістетудің драйверіне айналатын басымдықтар бар екені анықталды. Олардың арасында Ұлы Жібек жолындағы қаламыздың мың жылдық тарихын, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік ескерткіштерінің қатарын, дамыған инфрақұрылым мен табиғаттың алғашқы көріністеріне жақындығын келтіруге  болады. Алматы  Орталық Азияның туристік астанасы болуға қабілетті», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Алматылық турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі  25 ел мен қалалар рейтингі бойынша жүргізілген сараптама Алматының 22-ші рейтингте сенімді  позицияларда тұрғанын көрсетті. Бұдан бөлек Doing Business рейтингінде 190 елдің ішінен 36-шы орынды иелендік. Оған қоса, өмір сүру  сапасы бойынша 400 елдің ішінен 178-інші орынға шығыппыз. Әйтсе де, әлі де атқарар шаруа шаш етектен. Мәселен, тіке бағыттар бойынша авиа билеттерді қолжетімді етуді, виза  алуды оңтайландыру мәселелері күнтәртібінде тұр. Сондай-ақ жиында заңнамада хостел ұғымының көрсетілмеуі, ол осы үлгідегі мейманханалардың дамуына кері әсерін тигізіп жатқандығы да талқығы салынды.  Айта кетейік, Алматыда соңғы жылдары хостелдер саны  60-тан 120-ға жетіп,  екі есе артқан.  


Новости партнеров