Референдумға дейін:
17
күн
2
сағат
24
минут

Компьютерлік жүйе GGG соққысы «Канелодан» көп болғанын көрсетті

Компьютерлік жүйе GGG соққысы «Канелодан» көп болғанын көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин - «Канело» рематчы статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CompuBox-тың статистикасына жүгінсек, Головкин 12 раундта 879 жұдырық сілтеп, оның 234-ін дәл тигізген (26.6%). Ал Альварес 622 жұдырық сілтеп, оның 202-сін дәл тигізген (32.5%).

Сондай-ақ, Головкинның қарсыласқа бағыттаған джеб(Jab) саны 547-ге жетіп, 118-ін дәл тигізген (21.6%). Альварес 256 джеб соққысын жасап, 59-ін тигізген (23%). Ал ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына 332 ауыр соққы жасап, 116-сін дарытқан (34.9%). Ал «Канело» 366 ауыр соққы бағыттап, 143-ін дәл тигізген (39.1%).

Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 9 раундта жеңіске жетіп, 2 раунд жеңіліп, 1 раунд тең өнер көрсеткен.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтті. Қорытындысында, отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, чемпиондық белдіктерінен айырылды.

Алайда жекпе-жек қорытындысы тағыда дауға ұласып, көптеген БАҚ және танымал боксшылар Головкинды жеңді деп бағалауда.

Айта кетейік, боксшылардың бір жыл бұрынғы алғашқы жекпе-жегінде тең нәтижемен тарқасқан болатын. Бұл жекпе-жекте Головкин қарсыласына 703 соққы жасап, 218-ін дәл тигізсе, Альварес 505 соққыдан тек 169-ін тигізе алған.

Новости партнеров