«Алматы» арнасының тілшілері Қытайдың ең көрікті жерлерін аралап қайтты

«Алматы» арнасының тілшілері Қытайдың ең көрікті жерлерін аралап қайтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тарихи жәдігерлерді сақтап, оны ұрпаққа жеткізу бүгінгінің міндеті. Оның үстіне, бұл орындар арқылы туризм саласын дамытып, ел экономикасын қарыштатуға болады. Тарихы бай іргедегі Қытайда бұл мәселе ықылымнан бір ізге түскен. Ұлы Қытай қорғаны, терракот сарбаздары секілді орындар бүгінде саяхатшылардың жиі баратын жерлері.

Ұлы Қытай Қорғаны - Аспан  асты елінің символы, әрі  Қытайдың ең көрікті  жерлерінің бірі. Бұл әрбір шетел туристіне белгілі. Осы мемлекетке саяхаттап келе қалса, міндетті түрде қорғанды сырт көзбен болса да көруге арнайы келеді. Қытайдың 10 патша әулеті салған бұл нысанның жалпы ұзындығы 6700 шақырымнан асып жығылады екен.

Ал 8099 сарбаз күзеткен император кесенесінің жөні бөлек, жосығы ерек. Бұл аумақ та қазір мемлекет қорғауына алынған. Сонымен қатар, келушілерге де барлық жағдай жасалыпты.

Асан асты елі өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Жәдігерлер мен тарихи орындарды сақтау үшін мемлекет тарапынан да тиісті шаралар атқарылуда. Бірақ бұл ең алдымен туризм саласының дамуына, тарихтың насихатталуына үлкен сеп екендігі жасырын емес.

Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы Қытай Халық Республикасынан


Новости партнеров