|
08.02.2018 | 09:52
1842

Ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған екі мемлекеттік қызметкерлер 11 жылға сотталды

Ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған екі мемлекеттік қызметкерлер 11 жылға сотталды

Ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған екі мемлекеттік қызметкерлердің ісі аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушы «Қазавиа орманды қорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Төлеуғазы Сексенбаевты 11 жылға, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының экс-директоры Мәлік Досымбековті 10 жыл 6 айға қамауға алу жазасын кесуді сұрады. Оған қоса, «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының өкілдері бұрынғы жетекшінің келтірілген залал үшін 89 миллион теңге қаржы төлеуін талап етті. Жалпы 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметтен өмір бойы шеттету жазасын тағайындалуын сұраймын. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтесін. Досымбековке қолданған бұлтартпау шарасы, қамауға алу өзгеріссіз қалдырылсын. Айыпталушылардан мемлекет пайдасына жасалған сараптамаға процессуалдық шығын есебіне 399 мың 598 теңге өндіру қажет.

Еске сала кетейік, қос лауазымды тұлға өткен жылдың шілде айында қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының экс басшысы Мәлік Досымбеков-- шетелдік компаниядан құны 12 миллион доллар болатын МИ-171Е тікұшағын сатып алуда- келісім жасауға көмектескені үшін 50 мың доллар пара алған. Бұл сома қомақты параның жартысы ғана болып шықты. Онымен бірге осы іс бойынша «Қазавиаорман қорғау» кәсіпорнының бұрынғы басшысы Төлеуғазы Сексенбаев та тұтқындалды. Сот процесі барысында күдіктілерге қызметін асыра пайдалану, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу сынды айып тағылып отыр. Ал қос күдіктінің қорғаушылар бұл тағылған айыпқа дәлелдер жоқ екенін алға тартуда.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир