Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды

24.05.2018 15:46

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды. Бұл туралы облыстық аурухананың дәрігерлері хабарлады. Ақ халаттылардың ақпаратынша, шақалақ ауруханаға ауыр халде түскен. Суықтаған сәбидің жүрегі әзер соғып тұрыпты. Соған қарамастан дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін түнімен арпалысқан. Бірақ шақалақ таңға жуық шетінеп кетті. Естеріңізге сала кетсек, жаңа туған ұл бала Қостанайдағы туберкулез диспансері маңындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған болатын. Нәрестені контейнерден полицейлердің бірі алып шыққан. Қазір сәбиді өлім құштырған көкек ана іздестіріліп жатыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.