Алматы қалалық Ревматология орталығының 10 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын барысында ревматологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, 100-ден астам ревматолог диагностикалау, науқастарды отаға дайындау сынды маңызды мәселелерді сөз етті. Ресейден арнайы келген мамандар да өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Мен Қазақстандағы әріптестерімді 10 жылдық мерейтоймен құттықтағалы келдім. Бұл - Алматыдағы 5 жарым мыңнан аса науқасқа медициналық көмек көрсетіп отырған маңызды орталық. Ресейдің ревматология қауымдастығы мен Насонова атындағы ревматология институты Алматыдағы орталықпен бұрыннан тығыз байланыста жұмыс істейді. Біз әлі күнге дейін достық қарым-қатынастамыз, үнемі ғылыми идеяларымызбен бөлісіп, кейбір ауыр науқастарға қатысты кеңес алып отырамыз», - деді Мәскеу қаласы Насонова В.А. атындағы ФБНУ ревматология ғзи, ғылыми хатшысы Вера АМИРДЖАНОВА(РЕСЕЙ).
Конференция барысында ревматология саласының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар мен білікті дәрігерлер марапатталды. Алматыдағы орталық еліміздегі жалғыз мекеме болғандықтан мемлекеттен де қолдау жақсы. Мәселен, биыл тек қалалық бюджеттің өзінен 800 млн теңгеден аса қаржы бөлінген.
«Республика бойынша осы орталық науқастарға стационарлық көмек көрсетіп отыр. Медициналық технологиялар осы біздің орталық арқылы Қазақстанға тарап отыр. Келешектегі біздің ойымыз - осындай орталықтар Қазақстанның барлық облыс орталықтарында ашылуы керек. Өйткені, аурулардың саны көбейіп жатыр, оларға өз аймақтарында тиісті көмек көрсетілуі тиіс», - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол МУСИНОВ.