Алматыда ірі жол апаты тіркелді. Райымбек даңғылы бойында нөмірі 63-ші автобус пен "Мерседес Гелендваген" маркілі көлігі соқтығысқан. Салдарынан 23 адам түрлі дене жарақаттарын алыпты. 8 адам қалалық ауруханаларға жеткізілсе, 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, дәрігерлер реанимациядағы 2 жасар бөбектің жағдайы ауыр деп отыр. Қалған зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп, олар амбулаторлы ем қабылдауға жіберіліпті. Әзірге жол апатына кінәлі болуы мүмкін неміс көлігін тақымдаған жүргізушінің қандай жаза арқалайтыны белгісіз. Сот-медициналық тексеріс жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
«Жол апаты оқиғасынан кейін 23 бізде жарақаттанушылар тіркелген. Оның ішінде 8 адам қазіргі таңда стационарлық ем қабылдап жатыр. 1 бала. Баланың жасы 2 жаста. 2 жастағы бала реанимация бөлімінде жатыр. 7 ересек адам ауруханада жатыр. Олардың жарақаты әр түрлі дәрежеде. Әр түрлі сипаты»,- деді Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы, Ләйлә ИМАНҒАЛИЕВА.
Алдын-ала болжам бойынша, гелендваген авто көлігін жүргізуші осы жол апатына себепкер болған. Өйткені, басқа қатарға орын ауыстырмастан бұрын автобусқа жол беруі тиіс еді. Дәл осындай түсініктемелерді осы істің бірнеше куәгерлері айтуда. Қазіргі таңда ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.