Алматыда 640 мыңнан астам заңсыз алкогольдік өнім тәркіленді

31.10.2017 21:27

Алматыда Жетісу ауданында 640 мыңнан астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді. Қалалық мемлекеттік кірістер департаменті мамандары анықтаған жалған акциздік маркалы өнімнің жалпы құны жарты миллиард теңгені құрайды. Жалпы қазан айының басынан бері салықшылар көлеңкелі бизнеспен күрес акциясы аясында құны 700 миллион теңгені құрайтын заңсыз айналымдағы 900 мың құты ішімдік әшкерелеген.

«Көбінесе бұл «Пшеничный», «Старлей», «Тау» және «Талас» деген арақтардың маркалары, виносы бар. Осыған орай, Алматы қаласында сұрақтар көп туындап жатыр. Бұл жерде біз жылдың басынан миллион 800-ден астам бөтелкені анықтайтын болсақ, оның соммасы миллиард 400 теңгені құрайды. Қазір «Wipon» тегін қосымшасын тегін жүктеп алуға болады және алкогольдік өнімдердің оригинал екенін анықтауға болады», - деді Алматы қаласы МКД түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ.