Астана орталығында алапат өрт болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астананың Бейбітшілік көшесінде орналасқан «Өркен» бизнес орталығы отқа оранды. Қызыл жалын «Драфт» кафесінен тұтанған. Тілсіз жау 1100 шаршы метрді шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, демалушылар дереу қауіпсіз аймаққа шығарылыпты. Ал материалдық шығын есептеліп жатқан көрінеді. Өртті ауыздықтауға 100-ге тарта өрт сөндіруші мен 25 арнайы техника жұмылдырылған.
¤«Өртті сөндіруге оның өте қатты болуы кері әсерін тигізді. Өртке 3-ші жоғарғы шақыру номері берілді. Жанудың күшті болуы, шатырдың ағаш құрамалардан жасалуы оттың тез таралуына әсер еткенін атап өткен жөн», - деді ҚР-¤ның ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан ИМАНҚҰЛОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53