Моңғолияның оңтүстік-шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі – жас бала. Пойызда жалпы 328 жолаушы болған. Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр, пойыздың апатқа ұшырау себептері әлі жария етілген жоқ.