|
18.06.2018 | 16:41
2273

Алматыда көпқабатты үйлерге 2500 ортақ есептеу құралы орнатылады

Алматыда көпқабатты үйлерге 2500 ортақ есептеу құралы орнатылады

Алматыда үйлерге жылу есептеу құралдары кімнің есебінен орнатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде 7-маусымда облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің есептері тыңдалған болатын.

Жергілікті атқару органдары көпқабатты үйлерді жылу есептеу құралдарымен қамту, техникалық жабдықтау жоспарымен бөлісті. Бұл жұмыс ақпараттық интеллектуалдық жүйе енгізу мақсатында жасалып отыр.

Осы бағытта 16 жол картасы жасақталып, пилоттық режімде 190 үйде 16 өңірде 15 мыңға жуық пәтер иелері үшін ортақ жылу есептеу құралы орнатылады.

«Жұмыстар биыл тамыздан бастап қолға алынады. Қаржылық жағынан келсек, қаржы лизингіне арнайы байқау жарияланады. Бұл құралдарды тұтынушылар өздері сатып алады. Орнату да тұтынушылар есебінен. 4 жылға бөліп төлеуге болады. Кепілдік уақыты 4 жыл», - деді басқармадан.

Бүгінде Алматыда үйлердің 63% есептеу құралдары тұр.

Жақын арада 3181 үйге 3031 құрал орнатылуы тиіс.

Жол картасы халыққа ортақ есептеу құралын орнатудың тиімділігін түсіндіруге арналған.

ҚР Министрлігі хабарлағандай, үйлерде күрделі жөндеу жүргізген кезде автоматты жылу қабылдау пункті орнатылса, шығындарды 60 пайызға дейін азайтуға болады. Алматыда мұндай құралдар қашан орнатылатыны әлі белгісіз.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир