Star of Asia музыкалық фестивалін тамашалауға отыз мың көреремен жиналған

Star of Asia музыкалық фестивалін тамашалауға отыз мың көреремен жиналған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төрткүл дүние көз тіккен Star of Asia музыкалық фестивалін тамашалауға 30 мың көрермен жиналған. Екі күнге созылған дәстүрлі шара отандық танымал орындаушылармен қатар, жаһандық жұлдыздарды бір арнада тоғыстырды. Ән кешіне АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Үндістан, Жапония, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғыздың белгілі әншілер шақыртылды. Әлемнің 118 мемлекетінің телеарналары арқылы таратылған музыкалық кеш Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды.

«Медеу» мұз айдыны нағыз жұлдыздардың ордасына айналды.  Star of Asia музыкалық фестивалінде танымал әншілерді экраннан ғана емес, бетпе-бет көруге мүмкіндік туды. Дәстүрлі шараға арнайы шақыртылған әртістерді алматылықтар ерекше құрмет, ыстық ықылыспен қарсы алды. Жиналған қалың жұрт қолтаңба алып, суретке түсті. Ал жаһандық жұлдыздар өз әсерімен бөлісті.

«Мы на самом деле сегодня ночью прилетели. И не могли уснуть потому что мы смотрели вокруг и нам не хотелось спать. Тратить время свое на сон. Мы рады что мы здесь в Медео. И это вообще была наша мечта приехать вернуться суда»,- деді «Serebrо» тобы.

Арнайы төселген қызыл кілеммен АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Үндістан, Жапония, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген әншілер жүріп өтті. Әсіресе кореялық «Астро» бойзбендін күткен жастардың қарасы көп болды.

Расымен шоқ жұлдыздар. Не деген халықтың ықыласы «Астро» тобы.

- Сәлем Алматы! Сәлем Қазақстан! Астроооооо

Алматы аспанын әнге бөлеген музыка мерекесіне Американың поп жұлдызы ANASTACIA шақырылған. Ал кештің арнайы қонағы швед-иран әншісі Араш болды.

“Қазақстанды барлығы біле бермейді. Алайда жыл сайын мұнда келетін халық саны арта түседі деп ойлаймын. Бұл сән салтанаты жарасқан азаматтары бар - заманауи мемлекет. Көркіне көз сүйсінер әсем табиғат, халқы өте қонақжай. Мен Қазақстан, соның ішінде Алматыға келуге барлығына кеңес беретін боламын»,-деді әнші, сазгер Arash.

Лазерлік қондырғылар, жарықдиодты конструкциялар, экрандар, заманауи технологиялармен жабдықталған сахна және дыбыс дауысы күшейтілген. Сол арқылы музыканың дауысы бұрынғыдан да қатты естілді. Он елдің танымал әншілері қатысқан музыкалық фестивальде  30-ға жуық отандық орындаушылар өнер көрсетті. 

«Жүрегімізді алып, Астанадан ат терлетіп арнайы келіп отырмыз. Көңіл-күйіміз тамаша. Барлық әріптестеріме сәттілік тілеймін. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Өте жоғары деңгейде, дыбыс, сахна. + алғаш сахнаға «Айналайын» әнімен шыққан болсам, сол әнмен көрерменге танылғам болсам, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың әні. Сол әнді біраз еске алып, сол әнді орындап тұрып, бірақ жаңаша. Алматылықтарға айналайындар дегіміз келіп тұр»,-деді әнші Қарақат ӘБІЛДИНА.

«Халықаралық музыкалық фестиваль екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл өте ауқымды шара. Еліміз үшін түркіс тілдес елдер үшін үлкен мәртебе. Шарада түрлі музыкалық стильдер тоғысады. Фестиваль сонысымен ерекше»,-деді  опера әншісі Зарина АЛТЫНБАЕВА.

Алғашқы күні үздік халық әндері, ұлы композиторлардың күйлері мен шығармалары орындалды. Биылғы шараның басты ерекшелігі дәстүрлі әншілер танымал эстрада орындаушыларымен дуэт болып ән салуында.

Star of Asia халықаралық музыка фестивалі әлемнің 118 мемлекетінің телеарналары арқылы таратылды. Төрткүл дүние көз тіккен ән кеші мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы. 


Новости партнеров