|
08.08.2018 | 13:42
1704

Қытайда қауіпті инфекция таралып жатыр

Қытайда қауіпті инфекция таралып жатыр

Қытайда африка шошқа обасының таралуына байланысты 8 мыңнан аса шошқа жойылды,  деп хабарлады Sputniknews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жұма күні Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында африка шошқа обасы  тіркелгенін хабарлады.  Індет 1 тамыз күні Шэньян қаласындағы мал қораның  бірінен шыққан. Жұқпалы ауру ошағы қоршалып, шошқаны жою жұмыстары басталды, аумақты дезинфекциялау және залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау федералды қызметінің мәліметінше, 47 шошқа індетті жұқтырып, 8069-ы жойылды.  

«Індетті тудырған африка шошқа обасы вирусының генотип және генетикалық сипаттамасы туралы туралы ақпарат жоқ. Инфекцияның көзі де анықталмады», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қытай әлемде шошқа етін ең көп өндіретін елдердің қатарында. Африка шошқа обасы – аса қауіпті арулардың бірі. Бұл шошқаның жұқпалы вирустық індеті адамға қауіп төндірмейді, алайда ауыл шаруашылығы саласына үлкен зиян келтіреді. Өйткені жануарларды емдеу мүмкін емес. Індеттің таралуын тек қатаң карантиндік шаралар арқылы тоқтатуға болады.

Сурет / © AFP 2018 / JEAN-PHILIPPE KSIAZEK


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир