Түркістан облысында 8 жасар бала туған әпкесін атып өлтірді

Түркістан облысында 8 жасар бала туған әпкесін атып өлтірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Созақ ауданында апасының үйіне қыдырып барған балақай абайсызда туған әпкесін мылтықпен атып өлтірді, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Орны толмас өкінішке толы оқиға Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылында болған.

Шымкенттен апасының үйіне жазғы демалысқа қонақ барған балақайлар үйде кілемде ілулі тұрған атыс қаруын байқап қалады. Ересектердің көзінен тасалап, үй маңындағы алқапқа апарып, атыс қаруын қарап жатқанда сегіз жасар балақай он жасар туған әпкесіне абайсызда оқ тигізеді. Алған дене жарақатынан қыз бала ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан обыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы мәлімдеген.

Түркістан облыстық ІІД заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу мақсатында түрлі іс шаралар өткізіп жатыр. Облыс аумағында төрт күннің ішінде, яғни, шілденің 30-ы мен тамыздың 2-сі аралығында 5 мыңнан астам қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 10 қару тәркіленіп, заңсыз айналымнан алынды. 13 қаруды ерікті түрде тапсырған.


Новости партнеров