Лас-Вегастағы атыстан 50 адам қаза тапты

02.10.2017 20:50

¤Енді шартарапқа ойыссақ. Лас-Вегастағы атыстан қаза тапқандардың саны 50-ге жетті. Оған қоса 200 адам зардап шеккен. Қасқөй музыкалық фестивальге жиналған қарақұрым халықты қырып салғысы келген. Ол 64 жастағы күдікті Стивен Пэддок болуы мүмкін. Кейбір дереккөз бойынша, Лас-Вегас полицейлері оның мерт болғанын хабарлайды. Ол қонақ үйге кешенінің 32-қабатынан оқ атқан. Сондай-ақ, қазіргі уақытта hyundai көлігі мен chrysler Минивэніне іздеу жарияланды. Полиция қылмыскердің қасында болған қызды да іздестіріп жатыр. Ол күдіктінің сыбайласы болса керек.