Латын әліпбиіне көшу: қандай жұмыстар атқарылуда?

02.02.2018 18:58

Елбасы кезекті Жолдауында 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігін тапсырды. Одан бөлек, терминологияны қайта қарау керектігін баса айтты. Жолдаудағы міндеттерге байланысты қандай жұмыстар атқарылуда? Оны студиямен тікелей байланысқа шыққалы тұрған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мырзадан сұрап білсек.

- Ерден Задаұлы қайырлы кеш! Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған 4 арнайы жұмыс тобының барлығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары бар. Қазір қандай жоспар құрылды? Қандай жұмыс жүріп жатыр?

- Ұлттық комиссияның құрамында 4 жұмыс тобы құрылды. Олар орфографияға байланысты, терминологиялық жұмыстарға, әдістемелік жұмыстарға және техникалық IT технологияларға байланысты 4 топ. Негізгі жұмыс осы тілдік реформаға байланысты. Қазіргі жұмыс әліпби жетілдіру бағытында жүргізіліп жатыр және әліпби бекітілгеннен кейін ары қарай қолға алынатын негізгі салалар. Олар жаңа мен айтып кеткен әдістемелерді қалыптастыру. Одан кейін емле-ережелерін жазу тобы орфографиялық топ терминология саласы және бұл әлбетте Цифрлық Қазақстанды айтқан кезде цифрлық қазақ тілі. Қазақ тілін интернетке, ғаламторға, IT технологияларға енгізу мәселелері.  Осы мәселелер төңірегінде көптеген мамандар жұмылып, жұмыс істеуде.

- Латын әліпбиге көшудің реформасы қандай?

- Енді бұл біздің елде Қазақстанда сәуірден бастап Елбасы тапсырма бергеннен кейін осы тілдік реформа басталды деп айтуға болады. Бұның ерекшелігі - мына көрші түркі тілдес мемлекеттерді алсақ, басқа елдерді алсақ әжептәуір өзгешілігі бар. Бұл өзгешілігі мен айтар едім: бұл Елбасымыздың негізгі принципі. Бұл халықпен ақылдаса отыру. Бұл демократиялық негізге сүйене отырып жасалынып жатыр. Бүкіл ең басында әліпбиді мәселесін өткізудің өзі дайындықтарын қалай көз алдымызда болғанын көріп отырмыз. Бірінші нұсқа ұсынылды, екінші нұсқа ұсынылды. Бұлардың бәрі қалың жұртшылықпен ақылдаса отырып, мамандармен де, қарапайым халықпен де жүздеген ұсыныстар түсіп жатыр. Кез келген ұсыныстар ескеріліп жатыр. Бұл әліпбиді бекіту жұмыстары осылай өткізілді. Діл осы принцип бүкіл мына латынға көшудің ғылыми теориялық-әдістемелік жұмыстарды жасау барысында да сақталады. Өйткені біздің дәл қазіргі реформамыз Елбасы айтып кеткендей әріп ауыстыру емес. Қазір елдің бәрі назары әріптерге ауып отыр. Осындай дыбысты қалай береміз деген мәселе. Негізгі біздің тілдік реформаның мағынасы бұл сананың жаңғыруы. Бұл өзіміздің тіліміздің бүкіл ережелер корпусын тілдік ерекшеліктеріне жақындату. Бұл қазақша дұрыс жазу, дұрыс айту мәселелері. Осы жаңа бір тіл табиғатына сәйкес жасалған ережелердің бәрі қалың жұртшылықпен кең ауқымда бірге іске асырылады. Пікірлер ескеріледі. Осындай бір негізгі бағыт өзгермейді. Бұл үлкен бір өзгешілік, ерекшелік үлкен бір ұтымды тұсы деп айтар едім. Біздің түбегейлі Қазақстандағы тілдік реформаның.

-Кезекті Жолдауда Елбасы термин мәселесіне тоқталды. Осы тұрғыда қандай шара атқарылмақ?

- Бұл да үлкен бір бағыт Елбасы бұл мәселені көтергені кездейсоқтық емес. Өйткені бұл термин саласы бұл тікелей біздің технологиялық тұрғыдан, экономикалық тұрғыдан инновациялық тұрғыдан дамуымызға әсер ететін оның іргетасы болып қалыптасатын сала. Сондықтан бұл бағытта да біз әлемдік кеңістікке енуіміз керек. Ұлттық технологиямызды біріздендіруіміз керек, қалыптастыруымыз керек. Бұл салада бір терминологиялық топтың бірнеше жиналыстары да өтті. Нақты жоспар құрылды. Қазір бүкіл елеміздегі мамандар   терминология секцияларын құрып, осы мәселелерді халықаралық стандартқа сәйкес ғылыми негізде қолға алынуда.

-Ерден Задаұлы, уақыт бөліп студиямызбен байланысқа шыққаныңызға алғыс білдіреміз.