Латын әліпбиіне көшу өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты бекіте түспек

26.09.2017 22:16

Латын әліпбиіне көшу өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты бекіте түседі. Себебі әлемнің 80 пайызы, яки 4 миллиардтан астам халық бүгінде осы жазу түрін қолданады. Сол себепті латын әліпбиіне көшу - елімізге оң өзгерістер алып келеді. Зиялы қауым өкілдері, жазушылар және филологтар дәл осындай пікір білдіруде. ¤

 

«Қазіргі жаһандану заманында қазақ қарсы тұрар оған кішкентай халықпыз. Санымыз аз, оған қарсы тұратын қауқар бізде жоқ. Сондықтан осы жаһандануға икемделуіміз керек. Сол икемделудің бір жолы - осы латын қарпіне қазақ алфавитін көшіру деп есептейміз», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек АСҚАРОВ.