Латын қаріпіне қатысты қайта реформа жасалуы мүмкін. Мұны пилоттық жобалардың нәтижесі көрсетеді. Бұл туралы тіл мамандары мәлім етті. Жаңа әліпбиді әуелі мектеп оқушыларына тәжирибеден өткізіп көрмек. 2022 жылдан бастап 50 шақты білім ошақтары «эксперименттік алаң» ретінде сыналады. Нәтижесінде қосымша өзгертулер енгізілуі ықтимал.
«Ештеңеде қатып қалған нәрсе емес. Егер емледе кейбір таңбалар ыңғайсыздық тудырып жатса, қазақ тілінің емлесіне бара-бара қайшы келіп жатса, ол өзгеруі әбден мүмкін. Әміршілдік заманның өзінде 40 жылы қабылданған әліпби 56-57 жылға дейін қосымша таңбалардың символдары өзгеріп келген», - деді «Ш. Шаяхметов» атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол ТЛЕШОВ.