Латын қарпіне ауысқанда Түркі елдерінің тәжірибесіне жүгіну керек

13.09.2017 в 23:45

Латын қарпіне ауысқанда Түркі елдерінің тәжірибесіне жүгіну керек. Алматылық тарихшылар кейбір мемлекеттер жаңа алфавитті енгізгенде ұтымды әдістер қолданған, деді. Тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали Түрік және Әзірбайжан елдері латын алфавитіне көшкенде, бірқатар реформалар жасап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген, дейді. Сондықтан «асықпай жүріп, анық басқан жөн» деген пікір білдірді.


«Мысалы, Әзірбайжан өте сәтті өтті. Бірақ олар түркінің баспасөзіне бірақ өтіп кетті. Айырмашылығы көп емес екен. Түркіменстанның тәжірибесін аса білмейді екем, өйткені олар жабық мемлекет. Өзбекстан басқа реформа жасамады, тек қана латынша өтті. Соның өзінде, олардың жетістігі аздау. Біздікі дұрыс болды деп ойлаймын», - деді тарих ғылымдарының докторы Әзімбай ҒАЛИ.

 

¤Ал алфавитте ноқат әріптердің болмауын тарихшы қазіргі пернетақтаға ыңғайлы етіп жасалуымен түсіндірді. Оның сөзінше, латын қарпіне ауысу, заман талабына сай болып тұр. Бұл модернизация әлемге өзімізді кеңінен таныстыруға өз септігін тигізеді. Кез-келген үлкен істің басында аздаған қиындық болғанымен кез-келген жаңашылдықты дұрыс қабылдау керек, дейді ол.


«Пернетақтаға сияды. Мүмкін сөздер ұзақ болады. Мысалы «Ә» бар, «І» бар. Бірақ аса үлкен менің ойымша тексттің көлемі өзгермейді. Сонымен бірге, әрине, қиындықтар бар. Ол қиындықтар мынау: қазақ тіліндегі баспасөзді оқығысы келетіндер азаюы мүмкін бастапқы кезде. Латынша жазылған текстті аса оқығысы келмейтіндер болуы мүмкін. Сол белгілі дәрежеде әсер етуі мүмкін. Бірақ уақытша болуы мүмкін», - деді тарих ғылымдарының докторы Әзімбай ҒАЛИ.