Алматыда аутизммен ауыратын балалар сахнада өнер көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аутизммен ауыратын балалар бүгін бір сәтке «актер» болды. Ерекше бүлдіршіндер сахнаға шығып, ата-аналарына өнерлерін паш етті. Олар ешкімнен шіміркпестен ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Түрлі кейіпке еніп, қойылымдар қойды. «Аутизмді жеңеміз» жобасының жеткіншектерін Лермонтов атындағы театр актерлары екі ай бойы дайындаған.

«Алғашында балалар бір топта жұмыс істей алмады. Бір бірінен жатырқап, ашыла алмады. Кейін уақыт өте келе, біз олардың шығармашылық қабілеттерін аштық. Қазір өздеріңіз көргендей, бүлдіршіндер көрермендермен жұмыс істеп үйренді. Сахнада өздерін еркін ұстайтын болды. Ата-аналар мұндай жетістікке жететінімізге сенбеді. Бірақ нәтиже жаман емес», - деді М.Ю Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры Рауф ХАБИБУЛЛИН.

Ерекше балалар сахнада өнер көрсетумен шектелген жоқ. Жеткіншектерге арнап спорттық ойындар ойнатылды. Ұйымдастырушылар аутизмді жеңудің жалғыз жолы - балаларды бір-бірімен көбірек ойнатып, шығармашылық жағын дамыту керек дейді. 


Новости партнеров