Мадагаскар аралында болған тропикалық «Ава» циклонынан 29 адам көз жұмып, тағы ондаған адам жарақат алды. Сағатына 190 шақырымға жететін желдің жылдамдығынан мыңдаған адам баспанасыз қалған. 60 мың мадагаскарлық эвакуациялаған. 16 мың оқушы сел басу қаупі басым болғандықтан уақытша мектепке бармайды.
АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорнияда ауа-райы күрт бұзылып, қатты жауған жаңбырдың салдарынан 13 адам мерт болды. Онда әлі де сел басу қаупі сақталып тұр.
Джамму және Кашмир штатындағы Дал көліне мұз қатты. Қазір онда ауа температурасы минус 6 градусқа жеткен. Бұл аймақ тұрғындары үшін рекордты көрсеткіш. Өйткені, жергілікті халық ақ ұлпа қарды көрмеген. «Керемет сезім. Достарымызбен алғаш рет келіп едік. Кашмирде қатқан көлге сүйсінудің өзі бір ғанибет! Қар жауғаны өзі қызық болды»,-деді Турист, Шаяб АМАН.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін