Мәжіліс 24 заң жобасын қабылдады. Оның ішінде үшжылдық бюджет, салық, әкімшілік және кеден кодекстері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң бар. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы қабылдауында айтты. Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Мәжіліс төрағасы мемлекет басшысын заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау қорытындылары жөнінде хабардар етті. Заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды.