Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше заң жобасы қаралды

Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше заң жобасы қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше заң жобасы қаралды. Бірінші, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі; екіншісі, электр энергетикасы хақында. Отырыс барысында палата төрағасы Нұрлан Нығматуллин электр қуаты тарифінің қымбат екенін айтып, энергетика министріне шүйлікті. Ал Қанат Бозымбаев аталмыш заңнаманың жан-жақты қаралғанын айтып әлек.

Мәжілістің жалпы отырысында заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұсынған зияткерлік меншік саласындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұжырымдама қолдау тапты. Заң жобасы Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық одаққа мүше екендігін ескере отырып, патенттік заңнаманы үйлестіруге, авторлық құқықтардың ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұл шетелдік тәжірибеге негізделген заң жобасы. Әділет министрі Бекаевтың айтуынша, бұл бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасауы тиіс. Аталған өкілеттіліктерді сараптама ұйымына беру бюджеттік шығындарды азайтуға септігін тигізетінін де айтты министр. Сонымен қатар,тіркеуге қатысты даулардың сотқа дейінгі қарау мүмкіндіктерін кеңейту. Бірінші оқылымда бұл заң жобасы қолдау тауып, мәжілістің келесі отырысында қайта талқыланатын болады.

Бұл заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 51-қадамында көрсетілген. Тұжырымдама бойынша энергия беруші ұйымдарды ірілендіру және тариф көлемін төмендетуге бағытталған. Мәжіліс отырысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматуллин арадағы делдалдар аз болса, тариф бағасыныңда аз болатынын айтты.

«Аталған заң жобасы елбасы пәрменімен жүзеге асырылады. Осы тұст біз екі жайтқа мән беруіміз керек. Алғашқысы электр энергиясын тарататын компаниялар бәсекеге қабілетті болу керек. Яғни, олардың алпауыт болғаны дұрыс. Екіншісі, тариф құнын төмендетуіміз қажет», - деді ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН.

Осы заң жобасына сәйкес депутаттардың жасаған ұсыныстары ескеріліп, мәжілістің отырысының келесі жиынында қайта талқыланады.


Новости партнеров