Марстан су табылды

Марстан су табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Марстың оңтүстік полюсінен бетін қалың мұз бен шаң жапқан көл табылды. Бұл туралы Еуропа ғарыш агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ru.euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың пікірінше, бұл Қызыл планетада сұйық күйдегі судың барын растайтын алғашқы бұлтартпайтын айғақ. Зерттеу төмен жиіліктегі Marsis радары арқылы жүргізілді. Оның міндеті – электрлі-магниттік толқындардың сәуле шығаруы мен шағылысқан сигналды зерттеу көмегі арқылы су іздеп табу.

Ғалым Роберто Оросейдің айтуынша, мамандар басқа тұстардан гөрі, оңтүстік полюс маңайындағы ерекше сигналды анықтаған.

«Марстың оңтүстік полюсінен алыста тіркелген сигналдардан да ерекше жарық аумақты анықтадық. Мұны қандай да бір құрғақ материал деуге болмайды. Біз мұны тек сұйық күйдегі су бар деп түсіндіруге болады деген тұжырымға жасадық», - деді ғалым.

Ғалымдар Қызыл планетаның беті қабатынан 1,5 км тереңде орналасқан көлдің диаметрі 20 шақырым болады деп болжап отыр. Ол ғарыштық сәулелерден қорғалған және әлдебір тіршілік иесінің ықтимал өмір сүру ортасына сай келеді дейді ғалымдар.

Ғалымдар «Рома тре», «Сапиенца» және Пескары университеттерінің қолдауымен 2005 жылдан бастап осы радар көмегімен жүргізіп келе жатқан зерттеу жұмыстары барысында сондай-ақ, бұл су қоймасының еш өзгермеген қалпы бұрыннан болғанын анықтаған. Бұдан өзге, Марс ғаламшарында мұндай көл біреу ғана емес, оңтүстік полюста өзге де көлдер болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. 

Фото: ria56.ru

Новости партнеров