Мәслихат депутаттарының дені өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатыр

06.10.2017 в 02:11

Елімізде мәслихат депутаттарының дені өз еріктерімен жұмыстан кетіп жатыр.  Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев бұған алаңдаушылық білдірді. Төрағаның айтуынша, қазір 105 округте бос орындарға жаңа үміткерлерді тағайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын-соңды елімізде мұндай үрдіс болмаған еді. Мәслихат депутаттығына үміткерлер 22 облыстан, 19 қала және 64 ауданнан таңдалады. Астана қаласынан үміткерлер алынбайды.