"Медеу" мұз айдынында ерлер мен қыздар конькимен жүгіру жарысында бақ сынауда

02.02.2017 22:53

"Медеу" мұз айдынында ерлер 1500, қыздар 500 метрге конькимен жүгіру жарысында бақ сынауда. Әріптесім Әнуарбек Жәлел айдын алаңында спортшылармен бірге жаттығып, жарыстың қалай жүріп жатқанын бақылап, жанкүйерлермен отандастарымызға қолдау көрсетіп келді. Редакцияға қазір ғана оралған тілші бейне материалында.

Бүгін Универсиада ойындарының ресми ашылу салтанатынан кейін бесінші жарыс күні. Қазір Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру спортынан жарыстар өтуде. Тап қазір сөре сызығында Екатерина Айдова дайындалу үстінде. ¤

500 метрге конькимен жүгіру жарысында қыздар додаға түсіп жатқан кезде, 1500 метрге жүгірет3н жігіттер жаттығып жатты. 


«Таңертең мұз -7 градус болса, қазір - 3. Яғни, қатысушылар түрлі жағдайда жарысады. Оған қоса, ашық аспан астында болғаннан кейін жел тұру мүмкін. Десек те, мұз жақсы. Жарыс лоторея іспетті. Кімнің қалай жүгіретіні уақыт пен ауа-райына байланысты»,- деді Мұз дайындау маманы, Вадим ШАЙДУЛЛИН. 

Біреулер жарыс алдында жаттығып, дайындалып жатса, енді біреулері мұзды пысықтап, дайындауда. Ал, мен дәл қазір мәре сызығының жанында тұрмын. Бұл жерде арнайы оптикалық құрылғы орнатылған. Ол құрылғылар спортшылардың мәре сызығын қандай уақытта кесіп өткенін анықтап, мына екінші қабатқа жөнелтеді. Содан кейін, мамандар барлық ақпаратты артымда тұрған үлкен экранға шығарады. 

Жарыс арасындағы үзіліс кезінде шет елден келген азаматардың ой, пікірін де біліп көрдік. 


Мұз айдынында тартысты жарыс болып жатқан кезде трибунада жанкүйерлер қиқулап, қолдау көрсетуде. Бұл, әрине, спортшыларға демеу береді.

Әнуарбек Жәлел, Валерий Таубалдиев, арнайы «Алматы» арнасы үшін.