Мексикада жойқын зілзала болды

Мексикада жойқын зілзала болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мексикада жойқын зілзала болды. Жер асты дүмпуінің қуаты 7,1 балға жеткен. Салдарынан 248 адам мерт болған. Тағы жүздеген тұрғын жарақат алыпты. Құтқарушылар қаза тапқан адамдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін, дейді. Өйткені, үйінділерді аршу жұмыстары әлі аяқталмаған. Сондықтан қиранды астында әлі қанша адамның бары белгісіз. Жер сілкінісінен ел астанасы Мехикодағы 40 шақты ғимарат жермен жексен болыпты. 4 миллион тұрғын қазір жарықсыз отыр.


Апат айтып келмейді. Алда не боларын ешкім айта алмайды. Ең қызығы - тап осындай жойқын зілзала біздің елде осыдан 32 жыл бұрын тіркелген екен. Ол кезде 10 мың адам қаза тапқан.


¤Қазір апат болған аймақтан адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Үй-күйсіз қалғандарға ел үкіметі жәрдемдесуде. Оларға арнап шатырлар тігілді. Барлығы азық-түлікпен қамтамасыз етілген.      


«Мехиконың оңтүстігінде мектептер көп еді. Олардың дені бүлінген. Өкініштісі сол - зілзала кезінде әлгі оқу орындарында оқушылар болды. Олардың кейбірі көз жұмды. Қазір қирандыларды 500 құтқарушы аршып жатыр. Із-түссіз кеткен адамдардың саны сағат санап артуда», - деді Мексика Президенті Энрике ПЕНЬЯ НЬЕТО.

 

¤Осыдан 2 апта бұрын Мексикода тап осындай зілзала тіркелген еді. Ол кездегі тербелістен 98 адам қаза тапқан. Елде төтенше жағдай тәртібі орнады.


Новости партнеров