«Астана» қаржы орталығы 2025 жылға дейін 40 млрд доллар инвестиция тартпақ

«Астана» қаржы орталығы 2025 жылға дейін 40 млрд доллар инвестиция тартпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2025 жылға дейін 40 миллиард доллар инвестиция тартпақ. Қазір Астана Орталық Азиядағы аймақтық және технологиялық хабы ретінде рөлін ұсына алады. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одағы аясында, «Бір белдеу, бір жол» бастамасында да қолдау көрсетуге дайын. Орталық төрағасы Қайрат Келімбетов инвестоларды тарту арқылы салық жүйесіндегі қарастырылатын жеңілдіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, Дубай, Абу-Дабидің тәжірибелеріне сүйене отырып, 50 жылға дейін корпоративтік және жеке кіріс салығына салынатын жеңілдіктер болады екен.


«¤Біз Дубай мен Абу-Дабидің тәжірибелеріне сүйендік. 50 жыл көлемінде корпоративті және жеке кіріс салықтарына тиісті жеңілдіктер қарастырылатын болады. Бұл өте маңызды сұрақ. Өйткені, біздегі салық жеңілдіктері өзге халықаралық орталықтарға тәуелді. Сонымен қатар, инвестицияны қорғауға мүмкіндік туады. Бұл тәуелсіз сотымыз бен төрелік орталығымыздың мүмкіндігі», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ.

 

¤Айта кетейік, 2025 жылға дейін тартылатын инвестиция сомасы еліміздің халықаралық алтын валюталы қорының жартысына тең. Қазақстанның халықаралық қоры қазір 90 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады.


Новости партнеров